Біз - қазақстандық «PetroRetail» компанияcымыз.

Біз «ҚазМұнайГаз» атауы бар Қазақстан Республикасындағы ең ірі жанармай-жағармай құю станцияларының (ЖМҚС) желісін басқарамыз. Желі барлығы 350 ЖМҚС қамтиды. Еліміздегі әрбір бесінші автокөлік жанармайды бізден құяды.

04.2019
«ҚазМұнайГаз» ЖМҚС желісі «PetroRetail» ЖШС басқарылады
12.2018
«PetroRetail» ЖШС ЖМҚС желісін сатып алу тендерін жеңіп алды
2018
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ЖМҚС желісін сату туралы шешім қабылдады
2002
«ҚазМұнайГаз» желісінің ребрендингі өтті
1999
«КазақОил» ЖМҚС желісінің негізі қаланды

Компания міндеті:

Қазақстанның кез келген нүктесінде тұтынушыларға қолжетімді бағамен жоғары сапалы жанармай ұсыну және қызметтер көрсету.