Серіктестер үшін

Серіктестер үшін

Бізбен бірге ЖМҚС басқару бойынша бірлескен бизнес құрыңыз!

Біз – «PetroRetail» компаниясы ҚР барлық өңірлерінде CODO бағдарламасы серіктестерінің кадрлық резервін қалыптастырамыз!


CODO бағдарламасы («Компания иеленеді – дилер басқарады» деген мағынаны білдіреді) 2015 жылдың шілдесінде іске қосылып, бүгінде серіктестердің басқаруына берілген 140 бекеттерді қамтиды. АҚШ-та ұқсас бағдарлама бойынша Exxon Mobil, Shell, Chevron, Еуропада - Лукойл, Ромпетрол, Ресейде - Лукойл, Shell және басқа компаниялар жұмыс істейді.

Бекеттердің кең желісіне ие болып, біз тұтынушыларымызға сапалы отынмен және кешенді қызметтер, сонымен қатар, жол бойындағы қызметтермен қамтамасыз етуді мақсат етеміз. Бұған қоса, В2В сегментінде ынтымақтастықты белсенді дамытып жатырмыз–заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге өзара тиімді ынтымақтастықтың сан алуан нысандарын ұсынамыз.

Серіктестерге тек тұрақты табыс әкелетін бекеттер беру жоспарланған! Серіктестер жоғары сапалы мұнай өнімдерін өткізуге, халық тұтынатын тауарларды сатуға және бекітілген корпоративтік стандарттар бойынша жұмыс істеуге жауапты болса, компания мұнай өңдеу зауыттарынан бекеттерге жанармай жеткізудің барлық кезеңдерінде мұнай өнімдерінің сапасын растайтын бақылауларды өткізуге жауапты болады.

Ынтымақтастық туралы қосымша ақпаратты «PetroRetail» компаниясының өңірлік филиалдарынан немесе электрондық пошта: Nikolay.Dunissov@petroretail.kz арқылы алуға болады.

Сіздің жеке бекетіңіз бар ма?
Біздің желімізге қосылыңыз!

«PetroRetail» компаниясы «DODO» франчайзингтік бағдарламаны белсенді дамытып жатыр. Бағдарлама (Dealer Owned – Dealer Operated) «Серіктес иеленеді – серіктес басқарады» дегенді білдіреді.


Бағдарламаның мақсаты – серіктестерге бірлескен атаумен тұтынушыларға мұнай өнімдерін ақшалай және ақшасыз есептесу арқылы сатып, сондай-ақ компания стандарттарын қолдану арқылы бекетті тиімді басқаруға мүмкіндік беру.

Сіз үшін DODO бағдарламасының негізгі артықшылықтары:
— Мұнай өнімдерін сату көлемдерін арттыру;
— Заманауи талаптарды қанағаттандыратын сапалы жанармайды тұрақты жеткізу;
— Бекет қызметін ұйымдастыру және тұтынушыларға қызмет көрсету жөніндегі стандарттардың дайын қорын иемдену;
— Қызметкерлерді кәсіби оқытудан өткізу;
— Тұтынушыларыңыздың компания бағдарламаларына қатысу мүмкіндігін беру;
— Айналым қаражатының көлемдерін төмендету. Компания жанармайды бекетке серіктестің қаражатынсыз жеткізеді;
— Маусымдылық пен басқа нарықтық факторларға қатысты болмайтын тұрақты сыйақы мөлшерлеменің болуы;
— Қолданылатын стандарттар жүйесі есебінен серіктес шығындарының азайуы.

Сіздің бекетіңіз арнайы әзірленген бірыңғай корпоративтік стильге сәйкес безендіріледі. «PetroRetail» компаниясы серіктестің жұмысын, мұнай өнімдерінің сапасын, бекеттің техникалық жай-күйін бақылауды қамтамасыз етеді.

Серіктестік шарты 3 жылға дейінгі мерзімге жасалады. Келісімшарт жасаудың негізгі талаптарының бірі - «PetroRetail» компаниясы бекеттер желісінің басқа бекеттермен тікелей бәсекелестіктің болмауы.

«PetroRetail» ЖШС DODO бағдарламасы бойынша жұмыс істеуге дайын серіктестерге әрдайым ашық.
Ынтымақтастық бойынша қосымша ақпаратты «PetroRetail»ЖШС өңірлік филиалдарында немесе электрондық пошта: Nikolay.Dunissov@petroretail.kz арқылы алуға болады.